Жамбыл облысында террористік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі белгіленді

27 Қаңтар 2022, 08:13
2147
Бөлісу:
Жамбыл облысында террористік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі белгіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы облыстағы жағдайдың тұрақталғанын хабарлайды.

2022 жылдың 26 қаңтар сағат 00.00-ден бастап облыстың барлық аумағында терроризмге қарсы операциялар режимі тоқтатылады және террористік қауіптіліктің шекті («қызыл») деңгейі алынады, осыған байланысты барлық блок-бекеттер өз жұмысын аяқтайды, - делінген хабарламада.

Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөнідегі жедел штабының мәліметінше, дәл осы уақыттан бастап облыстың барлық аумағында террористік қауіптіліктің жоғары («қызғылт сары») деңгейі белгіленеді.

Құқық қорғау және арнайы органдар жаппай тәртіпсіздіктердің ұйымдастырушылары мен қатысушыларын, мемлекеттік мекемелерге шабуыл жасауға және қару-жарақтарды тонауға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын жалғастыруда.

Террористік қауіптіліктің «қызғылт сары» деңгейінде құқық қорғау органдарына қару-жарақ пен жарылғыш заттарды анықтау мақсатында көлік құралдарын тексеріп қарауға рұқсат етіледі, - делінген штаб хабарламасында.

Тұрғындардан заңдылықты сақтауды, арнайы және құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Өзгелердің жаңалығы