Жамбыл облысында шекара қызметінің офицері көз жұмды

29 Шілде 2022, 13:03
1709
Бөлісу:
Жамбыл облысында шекара қызметінің офицері көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдың 27 шілдесінде ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің офицері Азат Үмбетұлы Қордай аудандық орталық ауруханасында қайтыс болды. 

ҚР ҰҚК таратқан ақпаратқа сәйкес, офицер миына қан кетіп көз жұмған болуы мүмкін.

 Аталған факті бойынша ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде, – делінген мәліметте.

 ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтып, қажетті көмек көрсету шараларын қабылдап жатқандығын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы