Жамбыл облысында шаруаларға екі мың гектар жер қайтарылды

14 Қазан 2023, 05:38
469
Бөлісу:
Жамбыл облысында шаруаларға екі мың гектар жер қайтарылды
Фото: скрин

Жамбыл облысының шаруаларына 2 мың гектар жер қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тұрар Рысқұлов ауданының 24 фермері осыдан 3 жыл бұрын иелігіндегі жерінен заңсыз айырылып қалған. Олар мүшелік еткен кооператив өзге серіктестікке 21 миллион теңге қарыз болып, іс сотқа жеткен. Бірақ сот арыз берушілердің мүддесін жоғары қойған. Борышкерге қарызды өтеу үшін үлескерлердің жер учаскелерін серіктестікке беруін талап еткен. Ал жер кодексінің 33-бабында ортақ қолданыстағы жерді пайдалануға тыйым салынған деп көрсетілген. Сот шешімімен танысқан фермерлер аудандық прокуратураға жүгінуге мәжбүр болды. Ақыры олардың құқығы қорғалып, жер қайтарылды.

Биылғы жылдың 5 қазанында Жамбыл облыстық азаматтық істер жөніндегі сот алқасының шешімімен Жамбыл облыстық экономикалық сотының шешімі бұзылып 24 пай үлескерлерінің құқықтарына шешілді. Қазіргі таңда пай үлескерлерінің құқықтары қалпына келтіріліп, оларға тиесілі жер учаскелерін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде, - деді облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Данияр Кемелхан.

Өзгелердің жаңалығы