Жамбыл облысында сейсмикалық жаттығу өтті

25 Қаңтар 2024, 09:28
354
Бөлісу:
Жамбыл облысында сейсмикалық жаттығу өтті

Жамбыл облысындағы балабақшалар мен мектептерде сейсмикалық жаттығу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап. 

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері педагогтар мен оқушыларға жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, жадынамалар таратты. Мұндай алдын алу шаралары ұдайы ұйымдастырылып тұрады. Қазір өңірде төтенше жағдайды хабарлауға арналған 119 электродабыл мен телерадиотарату жүйесі жұмыс істейді. Құтқарушышар мұндай сейсмикалық жаттығуды әр тоқсан сайын өткізіп тұрады. 

Алматы қаласының тұрғындарын үрейлендірген жер сілкінісінен кейін мектептер мен балабақшаларда жоспардан тыс шара ұйымдастыруға тура келді. Дабыл қағыла салысымен оқушылар шұғыл қауіпсіз жерге шығып үлгірді. Құтқарушылар оларға зілзала кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсетудің әдіс-тәсілдерін үйретті. 

Телерадиоканалдарды алу бойынша 134 цифрлық және 65 аналогтық каналдарды перехват жасау құрылғысы орналастырылған. Сонымен қатар бізде құлақтандыру жүйесін смс-хабарлау арқылы тегін «Дәрмен» бағдарламасы арқылы жүргіземіз. Жалпы облыста тоқсан сайын барлық білім беру, денсаулық сақтау және санатталған ұйымдарда сейсмикалық жаттығулар өткізіліп тұрады, - деді ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Жалғас Әбдуалиев.

Оқыс оқиғадан ешкім сақтандырылмаған. Сол себепті мұндай жағдайда ең алдымен «дабыл сөмкесін» жасақтауға назар аударған жөн. Ол құтқарушылар келгенге дейін аман қалуға арналған ең қажетті заттардың жиынтығынан тұрады. 

 Жер сілкінісінің алдын алу мақсатында әрбір тұрғындарда «дабыл сөмкесі» болуы керек. Құжаттар, ақша, қалбыр, гигиеналық заттар, радиоқабылдағыш, сіріңке, фонарик шам, оған қосымша батарейкалар, жылы киім, жаз уақытында кезде 5-6 литр ауыз су,  - деді ТЖД басқармасының аға офицері Аббас Сулиев.

Өзгелердің жаңалығы