2027 жылы ең төменгі жалақы, зейнетақы және АЕК қанша болады?

Заң жобасы жарияланды

1 Қыркүйек 2026, 09:39
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/ Артём Чурсинов 1 Қыркүйек 2026, 09:39
1 Қыркүйек 2026, 09:39
183
Фото: ©BAQ.KZ архиві/ Артём Чурсинов

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді өзгерту ұсынылып отыр. Қаржы министрлігі 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын әзірледі. Құжатта АЕК, ең төменгі зейнетақы және базалық зейнетақы төлемінің мөлшеріне қатысты жаңа көрсеткіштер белгіленген.

Заң жобасына сәйкес, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  • ең төменгі жалақы – 85 000 теңге болып қалады;
  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 693 теңге болады. 2026 жылы бұл көрсеткіш 4 325 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 38 622 теңге болады. Биыл – 35 596 теңге;
  • ең төменгі зейнетақы – 74 919 теңге болады. 2026 жылы – 69 049 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін күнкөріс минимумы – 55 173 теңге болады. Биыл – 50 851 теңге.

Сонымен қатар заң жобасында жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5%-ға арттыру қарастырылған.

Бұдан бөлек, мемлекет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударатын жарна мөлшерін де көтеру ұсынылып отыр. 2027 жылдан бастап оның мөлшерін жарна есептеу объектісінің 2,2%-ына дейін жеткізу көзделген. Қазір бұл көрсеткіш – 2%.

Заң жобасы қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында 5 қыркүйекке дейін орналастырылған.

Наверх