Жамбыл облыстық ҚАЖД нәзікжандыларға Құрмет грамоталарын тапсырды

9 Наурыз 2022, 18:47
1396
Бөлісу:
Жамбыл облыстық ҚАЖД нәзікжандыларға Құрмет грамоталарын тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Қатаң тәртіп орнаған қылмыстық атқару жүйесінде жаратылысы нәзік жандардың қызметі табиғи қарама-қайшылықтай көрінуі мүмкін. Алайда бұл салаға да әйел затының орнықты көзқарасы, қажет кезде мейірімі мен кең ойлай білетін дүниетанымы қажет секілді.

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген 20-ға жуық қыз-келіншек бар. Олардың әрқайсысы білімді, білікті, өзі ісінің мамандары. Кейбірінің осы салада еңбек етіп келе жатқанына 18 жылдан асқан. Ең азы – 5 жылдық еңбек өтілі қалыптасқан нәзікжандылар.

Жамбыл облыстық ҚАЖД нәзікжандыларға Құрмет грамоталарын тапсырды

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаев осы салада еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап, сый-сияпат жасады.

Жамбыл облыстық ҚАЖД нәзікжандыларға Құрмет грамоталарын тапсырды

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мерекеге орай жергілікті департаменттегі нәзікжанды қызметкерлерге арнайы құттықтау жолдап, ведомствалық медальдар мен грамоталар жолдаған болатын. Мереке иелеріне осы марапаттарды салтанатты жағдайда табыс еткен Нияз Рыспаев тағы бірқатар қыз-келіншекке өз атынан алғыс жариялап, Құрмет грамоталарын тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы