БАҚ өкілдері арасында Жамбы атудан бәсеке өтеді

30 Наурыз 2019, 18:33
2784
Бөлісу:
БАҚ өкілдері арасында Жамбы атудан бәсеке өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Нұр-Сұлтан қаласының маңында орналасқан «Балқарағай» демалыс кешенінде БАҚ өкілдері арасында садақ атудан «Нысана» спорттық-сауықтыру бәсекесі өтеді.

Шараның басты мақсаты – жұртшылыққа БАҚ өкілдері арқылы ұлттық спорт түрін насихаттау. Саламатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қосу.

Жарысқа республикалық телеарна мен радио журналистері, мерзімді басылым тілшілері, сондай-ақ әлеуметтік желілерде ұлттық спорт тақырыбында жазатын белсенді авторлар қатысады.

Шара 2 кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде қатысушылар тәжірибелі мамандардың нұсқауымен садақ атудың ережелерімен танысып, тәжірибеден өтеді. Жарыстың екінші бөлігінде қатысушылар командаларға бөлініп, өзара сайысқа түседі. Нысанаға тигізу бойынша ең жоғарғы ұпай жинаған команда үздік деп танылып, қаржылай және арнайы дипломдармен марапатталады.

Айта кетейік, жарысты ұйымдастырушы ҚР Ұлттық спорт Қауымдастығы. Бас демеуші «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат» қоры АҚ.

Өзгелердің жаңалығы