Жамаубаев жауабы: Қаржы министрілігінің қаржысы неге көп

1 Тамыз 2023, 12:48
864
Бөлісу:
Жамаубаев жауабы: Қаржы министрілігінің қаржысы неге көп
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Үкімет кулуарында Премьер-министрдің орыбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев неге министрліктің қаржысы көп екенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәселен Үкіметтің резерві, сыртқы қарыздарды өтеу бойынша қаражат, Президенттің резерві және жалпы партияларды қаржыландыру бойынша бүкіл баптар қаржы министрлігінің бюджетінде қарастырылған. Сондықтан ауқымды болып көрінеді. Ал жалпы Қаржы министрлігінің бюджеті басқа министрліктер сияқты, шығындарымызда сондай, - деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев.

Бұған дейін Қаржы министрі министрі елімізде вейпке толықтай тыйым салынатынын айтқан болатын. Оның айтуына қарағанда вейптердің үкімет қаржысына да, адам денсаулығына да пайдасы жоқ.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері Жамаубаевқа «Назарбаевтың немересінің компаниясы мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін бе» деп сұраған болатын.

Өзгелердің жаңалығы