Жамаубаев жауабы: 85 мың теңгеге өмір сүруге бола ма

22 Тамыз 2023, 12:46
2239
Бөлісу:
Жамаубаев жауабы: 85 мың теңгеге өмір сүруге бола ма
Фото: Үкімет

85 мың теңгеге өмір сүру қиын. Үкімет кулуарында Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осылай деді, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Ерұлан Жамаубаев бюджет қызметкерлерінің жалақысын өсіру мәселесін қарастыруға дайын екенін айтады.

Ол үшін Ұлттық қорға жүгіну керек. Ондағы қаржы болашақ ұрпаққа арналған. Мемлекеттің кірісі мүмкіндік берсе, бюджет қызметкерлерінің жалқысын біртіндеп өсіреміз. Соңғы бірнеше жылда млн-нан аса адам бюджеттен ақша алды. Сондай-ақ жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, стипендияны біртіндеп көтерілді, - деді министр.

Ол 85 мың теңгеге өмір сүру қиын екенін атап өтті.

Қайталап айтайын, мүмкіндік болса, шығынның өсуін қолдауға дайынбыз. Бірақ бұл бірнеше айдың мәселесі. Қазір біз инфляциямен күресуіміз керек, - деді вице-премьер.

Еске сала кетсек, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев елімізде 85 мың теңгеге өмір сүруге болатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы