Жалғас Жұмағұлов UFC-де үшінші рет жеңілді

5 Желтоқсан 2021, 15:08
1435
Бөлісу:
Жалғас Жұмағұлов UFC-де үшінші рет жеңілді

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-5) Лас-Вегаста (АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC on ESPN 31 турниріне қатысты. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

Турнирде ол анголалық Манел Капемен (16-6) кездесті. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген, бірақ бірінші раундта африкалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, Жалғас Жұмағұлов кәсіпқой мансабындағы алтыншы рет жеңіліске ұшыраса, Манел Капе он жетінші жеңісіне қол жеткізді.

Жұмағұлов үшін бұл UFC-дегі үшінші жеңілісі болды.

Өзгелердің жаңалығы