Жалған терроризм. Алматыда соңғы 3 жылда 400-ге жуық қылмыс тіркелген

8 Желтоқсан 2023, 10:17
397
Бөлісу:
Жалған терроризм. Алматыда соңғы 3 жылда 400-ге жуық қылмыс тіркелген
Фото: Артём Чурсинов - архив

Алматы прокуратурасы мен Қазақтелеком мектептердегі «жалған терроризмнің» 6 фактісінің алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала прокуроры Серік Кәріпбековтің айтуынша, соңғы 3 жылда ҚК-нің 273-бабы бойынша (терроризм актісі туралы жалған хабарлама) 400-ге жуық қылмыс тіркелген.

Қоғам мен мемлекетке келтірілген шығын 6,3 миллиард теңгеден астам соманы құрады. Осыны ескере отырып, мемлекеттік мекемелерге кіріс қоңырауларын екшеудің технологиялық әдістерін қолдану туралы шешім қабылданды. Антифрод оператор жүйесі нақты уақыт режимінде сигналдардың әлемнің әртүрлі елдерінен келетінін анықтады және мектеп телефондарына қоңыраулардың келіп түсуіне жол бермеді, - делінген прокуратура таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы