Жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан 2 азамат сотталды

19 Шілде 2023, 12:23
956
Бөлісу:
Жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан 2 азамат сотталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚМА Шымкент қаласы бойынша Департаментінің қызметкерлері нақты жұмыстарды орындамай, қызметтерін көрсетпей, тауарларды жөнелтпей, жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан 2 азаматтың әрекетін әшкереледі. 

Олар 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың тамызына дейінгі аралықта жалпы айналымы 2,1 млрд теңгеден асқан 6 компания құрды, соның салдарынан мемлекеттік бюджетке салық түрінде 700 млн теңгеге жуық қаржы түспей қалды, - делінген ақпаратта.

Сот үкімімен аталған тұлғалар қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.  

Өзгелердің жаңалығы