2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстандағы жалақы номиналды мәнде өсіп, орташа есеппен 461 486 теңгеге жетті. Алайда инфляция салдарынан нақты сатып алу қабілеті төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, орташа айлық жалақы өткен жылмен салыстырғанда 9,1%-ға артқан. Бірақ бағаның өсуі бұл өсімнің бір бөлігін «жеп қойды». Нақты мәнде сатып алу қабілеті өткен жылғы деңгейдің 97,7%-ына дейін төмендеді. Қарапайым тілмен айтқанда, цифрлардағы табыс жоғарылағанымен, олардың күнделікті шығындардағы нақты құндылығы сәл азайған.
«Орташа» жұмысшының табысын дәлірек көрсететін медианалық жалақы 331 527 теңгені құрады. Басқаша айтқанда, жұмыспен қамтылғандардың жартысы осы сомадан аз, ал екінші жартысы көп алады.
Табыстың жалпы өсуі аясында жекелеген салалар ерекше көзге түсті. Көш басында ауыл, орман және балық шаруашылығы тұр, мұнда жалақы 20,3%-ға өскен. Сондай-ақ қаржы секторында (18,1%) және сумен жабдықтау мен қалдықтарды қайта өңдеуге байланысты салаларда (16,5%) айтарлықтай өсім тіркелді. Энергетика саласы 14,7%-ға, көлік және қоймалау 12,9%-ға, өнеркәсіп 11,6%-ға артты. Әлеуметтік салада өсім баяу болды: денсаулық сақтауда – 7%, білім беруде – 4,2%.
Өңірлер арасында бір жыл ішінде орташа айлық жалақының ең көп өсімін мына аймақтар көрсетті:
-
Абай облысы – +14,2%
-
Павлодар облысы – +12,4%
-
Жетісу облысы – +12,2%
-
Алматы облысы – +10,9%
-
Алматы қаласы – +10,7%
Барлық мәліметтер кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда келтірілген.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жақында халықтың табысын арттыратын бағдарлама таныстырылатыны хабарланды.
Тағы оқи отырыңыздар:
618 мың теңге: Астана шенеуніктерінің жалақысы халық табысынан 3 есе асып түсті
Қазақстанда орташа жалақыны есептеу ережелері өзгереді
Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге өседі: Министр уақытын айтты