Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге өседі: Министр уақытын айтты

Жалақы өсуі мүмкін: Нақты шешім қашан қабылданады?

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 11:06
Бүгiн 2026, 11:06
266
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев ең төменгі жалақыны көтеру мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

©BAQ.KZ/Олжас Адай

85 мың теңгеден көтеру жағынан 2024 жылы өзіміз арнайы қағидатымызды жасадық. Ол қағиданы уәкілетті органдарға жіберілді. Яғни, жыл сайын бюджетті қарастырып отырды. Жақында Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин айта өтті, біздің мақсатымыз 150 мыңға дейін тырысуымыз керек дейді. Бірақ түсінуіміз керек, қазір 85 мыңнан көтеруді Үкімет, Ұлттық банк, қаржы агенттігі жоспарды бекітіп қойды. Оның мерзімі бар, қазір талқылау жүргізіліп жатыр. Кейін бір ортақ шешімге келеміз. Біздің есебіміз дайын, сол кезде ұсыныстарымызбен келеміз. Шара көзделген, жоспар бар. Бірақ нақты қаншаға көтеріледі нақты айта алмаймын, – дейді Асқарбек Ертаев.

Еске салайық, бұған дейін министр мүгедектігі бар азаматтарға 1,1 трлн теңге бөлінгенін айтты. 

Сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдардың 30%-ы ғана жұмыс істейтініне тоқталды. 

Тағы оқи отырыңыздар:

Мұғалімдер санатына қарай қанша жалақы алады?

Ең төменгі жалақы өссе, мобильді аударымдарға қойылатын талаптар да өзгереді 

Бюджет қызметкерлерінің жалақысы өсе ме? Үкімет жоспарымен бөлісті 

Наверх