Жағдай өзгеруі мүмкін. Парламентте зейнетке 60 жаста шығу жайлы ұсыныс айтылды

27 Қаңтар 2021, 12:42
7639
Бөлісу:
Жағдай өзгеруі мүмкін. Парламентте зейнетке 60 жаста шығу жайлы ұсыныс айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Мәжілістің жалпы отырысында депутат Александр Милютин Үкімет басшысы Асқар Маминге азаматтардың еңбек жағдайының қиындығына байланысты зейнетке шығу жасын 60-қа дейін төмендетуді сұрап, сауал жолдады.

Мәжілісмен Қазақстан Халықтық партиясы бағдарламасының бір бағыты әділетті зейнетақы жүйесі екенін атап өтті.

Біз қолданыстағы зейнетақы жүйесі түбегейлі өзгерістерге мұқтаж деп санаймыз. Қазақстандықтардың көпшілігінде жалақының аздығына байланысты зейнетақы жинақтары жеткіліксіз.Сондықтан біздің партия бұрын дәлелденген ынтымақтастық зейнетақы жүйесіне оралуды ұсынады.

Біздің басты ұсыныстарымыздың бірі - азаматтардың зейнетке шығу жасын қайта қарау, оны еңбек жағдайларының күрделілігіне қарай есептеу керек.  Азаматтың жынысына қарамастан, зейнеткерлікке шығу шегі 60 жасқа дейін төмендетілуі тиіс.  Жұмыссыз жастар туралы күрделі сұрақ туындаған жағдайда, зейнеткерлік жасты біртіндеп арттыру мүлдем мағынасыз болып көрінеді, - деді Александр Милютин.

Ол құқықтық зейнетақыны жыл сайын индекстеу номиналды инфляцияны ғана емес, сонымен қатар нақты тұтыну бағаларын және жалақының өсу индексін де ескеруі керек деп санайды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтары төмендеп жатыр. Соңғы бес жылда алғаш рет БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтары төмендеді. 2020 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша олар 11 триллион 405 миллиард теңгені құрады, ал 2020 жылдың 1 маусымына дейін 11 триллион 388 миллиард теңгеге дейін төмендеді. Яғни 17 миллиард теңгеге азайды.  зейнетақы жүйесіне нашар қатысуы, жинақтардың өте төмен деңгейі болашаққа әлеуметтік қиындыққа әкеп соқты, ал енді бұл тәуекелдер одан әрі ушығып барады,- деді депутат.

Ол Премьер-министрден депутаттың өтінішін қарастыруды және осы мәселелер бойынша үкіметтің ұстанымын көрсетуді сұрады. Қазақстанда ерлер зейнетке 63 жаста, әйелдер қазіргі кезде 60 жаста шығады.  Әйелдердің зейнетке шығу жасы 2027 жылға дейін 10 жыл ішінде жыл сайын 6 айға көтеріліп отырады.

Өзгелердің жаңалығы