"Жұмыспен қамту" жол картасы. 6400-ге жуық жоба іске асырылуда

18 Тамыз 2020, 09:41
2269
Бөлісу:
"Жұмыспен қамту" жол картасы. 6400-ге жуық жоба іске асырылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы онлайн өткен Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

"Жұмыспен қамту" жол картасы бойынша 6400-ге жуық жоба іске асырылуда. Тамыз айын қосқанда 552 млрд теңге қаржыландырылды. Бүгінде оның 71,5%-ы игерілді. 

Жобаларда 154 мың адам жұмыс істеуде. Оның ішінде 73% ауылды елді мекендерде, 3% жұмыссыз жастар, 17% кеше ғана бейресми жұмыспен айналысып жүрген азаматтар және 9% аз қамтылған отбасылардың мүшелері. Құрылыс және жөндеу жұмыстарында 90%-дан кем емес ұлттық кәсіпорындардың тартылу талабы сақталуда, - деп айтты министр Үкімет отырысында.

Нұрымбетов биыл жұмысқа тартылған 154 мың адамға 75 млрд-қа жуық қаражат еңбекақы мақсатында жұмсалғанын да айтып кетті. 

Отбасы мүшелерімен қосқанда 600 мыңнан астам адамға табыс көзі қамтамасыз етілді. Орташа жалақы 130 мың теңге көлемінде қалыптасты. Жобаларға қатысқан бизнес субъектілеріне 370 млрд теңгеге тапсырыстар келіп түсті. Әкімдермен бірлесе бағалау бойынша 19 мыңға жуық орта және шағын бизнес өкілдері мердігер, құрылыс материалдарын сатушы ретінде қатысып, кемінде олардың 114 мыңы өз жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік алды, - деді ол.

Ақпараттық жүйе негізіндегі мониторинг бойынша ШҚО, Қызылорда облысы мен Шымкент қаласында жоспарланған жұмыс орындарына халықты жұмысқа тартуда белсенді. Өз кезегінде Түркістан және Алматы облыстарында белсенділік қажет.

Айта кетейік, министр Біржан Нұрымбетов ҰБТ-дан өтпей қалған түлектер тегін техникалық-кәсіптік оқуға жіберілетінін хабарлаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы