Жұмыспен қамту орталығы 7 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтымақ

9 Маусым 2020, 03:26
1464
Бөлісу:
Жұмыспен қамту орталығы 7 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтымақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жұмыспен қамту жол картасы" аясында Жұмыспен қамту орталығы білікті кадрларды іріктеп, инфрақұрылымдық жобаларға сұхбаттасуға жібереді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021" жобаларына Жұмыспен қамту орталығы арқылы 7 627 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. 5 маусымдағы жағдай бойынша "Жұмыспен қамтудың жол картасы" жобасы аясында 2 410 адам жұмысқа орналастырылды. Қатысушылар – жұмыссыздар. Бағдарламаға қатысу үшін сізді жұмыссыз ретінде тіркейтін қаланың жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет. Құжаттар тізімінде: жеке куәлік, еңбек кітапшасы (бар болса), білімі туралы құжаттар (аттестат, куәлік, диплом), оқудан өткенін растайтын құжаттар бар болса (куәлік, сертификат), – деді Б. Қабжанов.

"Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021" мемлекеттік бағдарламасы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды мақсат етеді. Жұмыспен қамту орталығы ЖҚЖК аясында қажетті білікті кадрларды іріктеумен айналысып, инфрақұрылымдық жобаларға сұхбаттасуға жібереді. Мұнда орталық құрылыс, жөндеу, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын ұсынады.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы азаматтар мен жұмыс берушілерге еңбек делдалдығы, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру тұрғысынан мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Сондай-ақ "Еңбек" және "Жұмыспен қамтудың жол картасы" мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асырады.


Өзгелердің жаңалығы