Зейнетақы жинағы арқылы ем алу үшін өтініш қашан қабылдана бастайды?

19 Ақпан 2021, 17:16
1652
Бөлісу:
Зейнетақы жинағы арқылы ем алу үшін өтініш қашан қабылдана бастайды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова жауап берді.

Оның айтуынша, қызмет enpf-otbasy.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.

Портал 25 ақпан күні іске қосылады. Соңғы жаңашылдықтарды енгізу үшін бізге 3 жұмыс күні қажет. Өтінішті қабылдау бірнеше кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші этапта азамат өтініштің порталдан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтына жетуін күтеді. Әдетте ол бір жұмыс күні мерзімінде іске асырылады. Бекітілген тәртіпке сәйкес анықтамалар толық болған соң, бес жұмыс күні ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арнайы есепшотқа ақша аударуы тиіс, - деді ол.

Бұған дейін Зейнетақы салымдарын медициналық мақсатта пайдаланудың қағидасы бекітілгені туралы жазған болатынбыз. Денсаулық сақтау министрлігі 15 ақпанда зейнетақы салымдарын медициналық мақсатта пайдаланудың қағидаларын бекіткен болатын. 

Бұл азаматтарымызға қосымша медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Зейнетақы салымдарын медициналық мақсатта пайдалану жергілікті тіркелген медициналық ұйым дәрігерінің анықтамасы негізінде жүзеге асырылады.

Өзгелердің жаңалығы