Зерендіде 10 гектар аумақта орман өртеніп жатыр

3 Маусым 2023, 21:08
2069
Бөлісу:
Зерендіде 10 гектар аумақта орман өртеніп жатыр
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ күштері мен құралдары Ақмола облысындағы орман алқабындағы өртті жедел жоюға жәрдемдесуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖ министрі Юрий Ильин ТЖМ жедел штабында өртті тез арада жоюға бағытталған міндеттердің орындалуын жеке бақылауға алды. 

Өрт орнында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев пен ТЖД бастығы Нұрлан Атығаевтың төрағалығымен жедел штаб құрылды. 

Зерендіде 10 гектар аумақта орман өртеніп жатыр

Су ағызатын құрылғысы бар ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы іске қосылды: қазіргі уақытта 15 рет жалпы көлемі 45 тонна су ағызылды. 

Зерендіде 10 гектар аумақта орман өртеніп жатыр

Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. 

Бүгін 15-50-де Зеренді ауданының Ақкөл ауылдық округінде алдын ала болжам бойынша 10 га алаңда құрғақ шөптің жануы орын алды, от орман алқабына өтті. Метеорологиялық жағдай: +32 градус, оңтүстік бағытта соққан желдің жылдамдығы 4 м/с. ТЖ министрі Юрий Ильиннің тапсырмасы бойынша су ағызу құрылғысы бар ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы іске қосылды, 15 рет жалпы көлемі 45 тонна су ағызылды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жылдам таралатын төменгі өрт орын алған. Өрт сөндірушілер жағдайдың асқынуын болдырмау және жою үшін барлық күш-жігерін салуда. Өртті жер үсті тәсілімен сөндіруге Ақмола облысындағы ТЖМ бөлімшелерінің және "Бұқпа ОШМ" КММ-нің 130-ға жуық адамы мен 15 техникасы жұмылдырылды, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Зерендіде 10 гектар аумақта орман өртеніп жатыр

 

Өзгелердің жаңалығы