Зеленский Ресейді жаңа келіссөзге шақырды
9 Наурыз, 10:37 911

Зеленский Ресейді жаңа келіссөзге шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина президенті Владимир Зеленский 8 наурызда бейнеүндеу жасап, Ресейді жаңа келіссөзге шақырды, деп хабарлайды РИА Новости.

Видеоүндеу президенттің өз  Telegram-каналында жарияланған. 

Соғысты аяқтап, адамдардың мүддесі үшін әділ адамдармен  келіссөз жүргізу керек, – деді Зеленский.

Ресей мен Украина бұған дейін үш рет келіссөз өткізген. Тек екінші келіссөзде ғана тараптар гуманитарлық дәліз ұйымдастыруға келісіп, тұрғындарды эвакуациялауға, дәрі-дәрмек пен азық-түлік жеткізуге жол ашылған. Алайда гуманитарлық дәліздер толық жұмыс істемеді.

Ал 7 наурызда Беларусь жерінде үш сағатқа созылған үшінші келіссөз аяқталды. Ресей-Украина делегациялары тағы да кездесуге келіскен.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...