Шымкентте өзін тергеуші ретінде таныстырып, телефон арқылы шу шығарған қыз жауапқа тартылды.
Әлеуметтік желіде белгісіз азаматшаның ұялы телефон арқылы жанжал шығарып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған бейнежазбасы тарады.
Тексеру нәтижесінде оның Шымкент қаласының 25 жастағы тұрғыны Әділхан Аягөз екені анықталды. Аталған азаматша Ішкі істер органдарына мүлдем қатысы жоқ және қазіргі таңда жұмыссыз. Ол қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде болып, қоғамдық тыныштықты бұзғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі.
Полиция азаматтарды өзін мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырып, арнаулы атағы мен лауазымын заңсыз иелену Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жауапкершілік көзделгенін ескертеді.
Еске салайық, бұған дейін Zoom платформасы арқылы өткен онлайн-кеңес кезінде қызметтік кабинетінде отырып электронды темекі тартқан Мәслихат төрағасына айыппұл салынды.
Тағы оқи отырыңыз:
Полиция формасын киіп, әлеуметтік желіге видео түсірген: Астанада блогер жазаланды
eGov «қызметкері» Тараз тұрғынының атына 7 несие рәсімделгенін айтып, 2 млн теңгесінен айырды
Ақтөбеде ер адам «көлікпен қағып кеттің» деп жүргізушілерден ақша бопсалаған
Погонын жұлып, бетінен ұрған: Жетісу облысында инспекторға шабуыл жасаған тұрғын сотталды