Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкімі шықты. Ол желіде көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.
Іс Алматы облысының Қарасай аудандық сотында қаралған. Нұрсұлтан Жақсыгенге Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша айып тағылған.
Сот оны кінәлі деп танып, жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару мекемесінде өтеу туралы шешім шығарды. Бұл туралы жәбірленуші Фариза Сабырәлиеваның адвокаты мәлімдеді.
Сондай-ақ сот жәбірленушінің азаматтық талабын ішінара қанағаттандырып, оның пайдасына 5 миллион теңге өтемақы өндіріп беруді міндеттеді.
Үкім жарияланғаннан кейін Нұрсұлтан Жақсыген сот залында қамауға алынды.
Сот үкімі әлі күшіне енбеді. Алдағы 15 күн ішінде блогер аппелияцияға өтініш бере алады.