"Западло емес". Төреғали сот шешімімен көше сыпырып жүр

17 Қазан 2023, 18:50
18713
Бөлісу:
"Западло емес". Төреғали сот шешімімен көше сыпырып жүр
Фото: instagram.com/toregalitoreali

Белгілі әнші Төреғали Төрәлі сот үкімін орындап, қоғамдық жұмыста жүргенін көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бізге соттың үкімі бойынша 40 сағат қоғамдық жұмыс тапсырылған еді. Аллаға шүкір, түске дейін саябақта болдық, қазір осындамыз. Бұл менің тәуелсіздігі бар Қазақстаным, бұл менің отаным, елім, жерім. Сондықтан, әлбетте, әнұраны мен көк туы бар елдің өзінің заңы болады. Ол заңға бәріміз бірдей бағынуымыз керек деп ойлаймын. Міне, ұлы дала баласы өзінің ұлы даласын сыпырып жатыр, - дейді әнші.

Оның айтуынша, ол мұндай жұмыстан ұялмайды.

Бұл "западло" емес. Өзіміздің ауламызды сыпырамыз, қоқыс төгіп келу деген сияқты ғой. Бұл жұмыс, айналып келгенде, Пайғамбар сүннетіне келеді ғой негізі. Өз жатқан-тұрған жеріңді таза ұстау, ертеңгі ас құятын ыдысыңды бүгін жуып қою деген нәрсенің бәрі - тазалық иманнан емес пе? Аман болыңыздар! Ананың бәрін жинап тастадық, - дейді Төреғали Төреәлі.

Айта кетейік, бұған дейін танымал әнші билік өкілдерін өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау фактісі бойынша сотталған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы