Заңсыз бұйрық берген. Бұрынғы Қорғаныс министріне қандай айып тағылды?

5 Қаңтар 2023, 11:24
1711
Бөлісу:
Заңсыз бұйрық берген. Бұрынғы Қорғаныс министріне қандай айып тағылды?

Әскери сотта бұрынғы Қорғаныс министрі Бектановтың ісі бойынша тыңдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді. 

Тергеу төтенше жағдай кезінде ол заңсыз бұйрықтар беріп, әскери стратегиялық нысандарды қорғаусыз қалдырды деп санайды. Бұрынғы Қорғаныс министрі елімізде конституциялық тәртіп орнату жөнінде шаралар қабылдаған жоқ, - деді Берік Асылов. 

Бас прокурор, әсіресе, Алматыда тәртіпсіздікке қатысушылардың саны айтарлықтай көп екенін айтты.

Олар қоршауды бұзып, полиция мен Ұлттық ұланның күштерін басып, халықты қорқытты. Соның салдарынан адамдар қылмыскерлердің қолынан қаза тапты, қалалар тоналды, өртенді. Сондықтан Бектанов әскери жағдайда қызмет бабын асыра пайдаланды (Қылмыстық кодекстің 451-бабы 3-бөлігі) деген айып тағылып отыр. Оның әрекетіне түпкілікті құқықтық баға мен жаза шарасын сот анықтайды, - деп айтты Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырысында.

Өзгелердің жаңалығы