Заңға енгізілетін өзгертулер салық жүктемесін азайтады – министр

24 Қараша 2022, 11:01
1010
Бөлісу:
Заңға енгізілетін өзгертулер салық жүктемесін азайтады – министр

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр. 

Заң жобасы Мемлекет басшысының іске асыру үшін әзірленді. Негізгі тәсілдері мынадай: еңбекақы қорына жүктемені азайту. Қазіргі уақытта еңбекақы қорының мөлшерлемелерінің есептеу базалары әртүрлі. Бірнеше төлемдер төленеді. Бұл төлемдерді бір төлемге біріктіру ұсынылады. Әлеуметтік аударымдар мөлшері қызметкерлерге төленетін болашақ төлемдерге әсер ететіндіктен, жүктемені жеке салық есебінен төмендету көзделіп отыр. Бірыңғай ставка міндетті зейнетақы жарналарын енгізуді және әлеуметтік аударымдар ставкаларының өсуін ескеретін болады, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Айтуынша, бірыңғай төлем салықтар мен еңбекақы төлемдерін есептеуді жеңілдетіп қана қоймай, салық жүктемесін азайтуға да мүмкіндік береді. 

Конституциялық соттың құрылуына байланысты оған жүгінген кездегі мемлекеттік бажды белгілеу және халықтың әлеуметтік осал топтарын босатуды ұсынады, - деді Әлібек Қуантыров. 

Өзгелердің жаңалығы