Енді заң жобасы қазақ тілінде дайындалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы мәжіліс кулуарында депутат Ермұрат Бәпи журналистердің сұрағына жауап беру барысында айтты.
Журналист: Биылдан бастап заң жобасы қазақ тілінде жазыла ма?
Иә, биыл басталады. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, табиғаты, қасиет-қадірінің барлығы қазақ тілінде болады. Өзіміздің қанымызға, жақын болады, - деді Ермұрат Бәпи.
Журналист: Неге кейбір депутатымыз баяндамаларын оқыған кезде бей-жай қарайды деп ойлайсыз? Баяндамаларында калька аударма жүреді. Мүлде дұрыс аударылмаған, мағынасы түсініксіз сөздер? Әріптестеріңізге ескертесіз бе?
Бұл жөнінде жұмысшы тобында заң жобасының ішінде жекелеген мәтіндік мәселелер ғана емес, заң жобасының тақырыбына да қатты маңыз беремін. Өзімнің сын-пікірлерімді айтамын. Қателектерді түзеу жөнінде талап қоямын. Соңғы 1-2 заң жобасы менің талабыммен атаулары өзгерді. Ең бастысы заң жобасыны атауы халыққа түсінікті болу керек. Халық өзі заңнан ештеңе түсінбесе, заң жобасынан ештеңе түсінбей отыру деген болмайды, - деді Бәпи.