Өз дауысыммен болашағымды таңдадым – 21 жастағы сайлаушы

9 Маусым 2019, 10:19
2111
Бөлісу:
Өз дауысыммен болашағымды таңдадым – 21 жастағы сайлаушы
Фото: автордан

 

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін тарихи сәт 9 маусым күні кезектен тыс Президент сайлауына алғаш рет қатысып отырған Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті медицина факультетінің 3-курс студенті Жанерке Азимбай №133 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.   

«Бірінші рет сайлауға қатысып отырмын. Әсерім өте керемет. Өйткені, еліміздегі ең ауқымды және өте маңызды шешімдердің бірін қабылдап отырмын. Осындай іс-шараға қатысқаным үшін өте қуаныштымын. Өзіңіз білесіз, Түркістан қаласы бүгінде облыс орталығына айналды. Менімен бірге аталған университетте білім алып жатқан қаншама студент жастар дауыс беруге келіп тұр. Барлығы да өзіңіз көріп тұрғандай сайлауда таңдаған кандидатына дауыс беру үшін, есік алдында кезектерін күтіп тұр. Көпшілікпен бірге келіп ел Президентін таңдаған ерекше болады екен. Себебі, жастар ел ертеңі. Біз осы жоғары оқу орнында алған білімімізді ертең маман ретінде ел игілігіне пайдаланамыз», - деді ол.

Болашақ дәрігер Жанерке өзінің мамандығы арқылы елге адал қызмет етуді қазіргі жасаған таңдауымен тығыз байланыстыратынын да ерекше атап өтті. 

«Денсаулық сақтау саласында өз үлесімді аянбай қоссам деймін. Оған әрине, дұрыс таңдау жасау, көреген басшыға дауыс беру зор әсер етеді. Сондықтан да, осы сайлауға келіп дауыс беруді өзімнің азаматтық парызым деп санаймын. Көш бастайтын, мемлекетімізді алға сүйрейтін лидер – келешегіміздің кепілі болмақ. Осылайша бүгінгі сайлауда біз өз дауысымызбен өзімізге және жарқын болашағымызды таңдап жатқаныма жүз пайыз сенімдімін», - деді Жанерке Азимбай. 

Аталған №133 сайлау учаскесіне 2376 дауыс беруші тіркелген. Оның ішінде 2112-сі студент жастар.

 

Өзгелердің жаңалығы