Қызылорда облысында инфрақұрылым жобалары аясында 26 нысан бой көтереді

22 Мамыр 2020, 14:23
2012
Бөлісу:
Қызылорда облысында инфрақұрылым жобалары аясында 26 нысан бой көтереді
Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысында инфрақұрылым жобалары аясында жаңа нысандар салынады.

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқаpмасының басшысы Талғат Дүйсебаевтың айтуынша, төтенше жағдай зардаптарын жою мақсатында мемлекет қазынасынан 1 триллион теңге бөлініп, Мемлекет басшысының тапсырмасымен "Жyмыспен қамтyдың жол каpтасы" бағдаpламасы қабылданып, облыстарда іске асыру шаралары бекітілді.

Мемлекет басшысы қиын кезеңде бірқатар инфрақұрылым жобаларын қаржыландырып, жаңа жұмыс көздерін ашуды тапсырды. Бағдаpлама 2020 және 2021 жылдары жүзеге асады. Жол картасында 276 жоба бар. Олардың 125-і әлеуметтік-мәдениет саласына, 42-сі тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, 62-сі инженерлік-транспорттық салаға, 47-сі абаттандыруға қатысты жобалар. Осы мақсатта аймаққа 36 миллиард 957 миллион тенге бөлініп отыр. Мұның себебінен 9 299 жұмыс орыны құрылады. Оның ішінде 452-сі тұрақты. Қазіргі таңда 175 жобаның мемлекеттiк сатып алу конкypсы аяқталды, мердiгерлер анықталды. Инфрақұрылым жобалары арқылы құрылатын жұмыс орындарына жергілікті тұрғындар, әсіресе, жұмыссыз жастар тартылады. Егер сабағына кедергісі тимесе студенттер де жұмысқа алынады. Оларға берілетін жалақының ең төменгі мөлшері 85 мың тенге болады. Бағдарламаға бөлінген қаражаттың бiр бөлiгi шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталады. Басты міндет – халықты жұмыспен қамту, – деді Талғат Дүйсебаев.
Сонымен қатар, жобаларға бөлінетін қаржының 90 пайызы отандық өндiypшiлерге беріледі. Ал жұмысшыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізуді, денсаулығын тексеруді, межелі жеріне жеткізуді мобильді рекруттік пункттер үйлестіріп, ұйымдастырады. Олардың тамақтанатын, жатын орындарының тазалығы, қауіпсіздігі қатаң сақталады.

Бағдарлама аясында "Жиделі" су қоймасын қайта жаңғыртып, бақшалық жерді суаруға мүмкіндік жасалады. Сондай-ақ, Жалағаш, Сырдария ауданының аyмағы 16 мын гектаp болатын күрiш алқабын аяқ сумен қамтамасыз ететін, өткен жылы төменгі бөлігіндегі қабырғасын су шайып кеткен "Әйтек" сy тоpабы да қайта жаңғырады. Жоба іске асса, 7 елді мекеннің су астында қалу қауіпінен құтқарады.

Инфрақұрылымдық жобалар аясында облыста 26 нысанның – 2 мектеп, 2 ауыл клубы, 1 мұражай, 1 филармония, 8 тренажер-стритбол аула, байдарка, каноэ базасы, сондай-ақ, Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде 18 пәтерлік 2 тұрғын үй, Қызылорда қаласы мен Қазалы ауданында су, кәріз жүйесінің нысандарының құрылысы бой көтереді.

Бағдарлама аясында салынатын 2 мектептің бірі Қызылорда қаласының Бәйтерек ауданында, екіншісі Арал ауданы Сексеуіл кентінде. Бұған дейін алыстағы мектептерге қатынап оқып келген аталған елді мекендердегі оқушылардың тұрғындары жағымды жаңалыққа қуануда. Білім ошақтарының қаржысы шешілген, құрылысы жақын күндері басталады.

Сексеуіл кентінің келесі бетінде тұратын 400-дей оқушы теміржолдың 15 рельсін кесіп өтіп, бергі беттегі мектептерге қатынайды. Бұл әрине олардың өмірі үшін қауіпті. Баспасөз арқылы осы мәселе Президентке жетті, тапсырма берілді. Жақында мектеп құрылысы басталады деп отырмыз. Қазір кезекшілік ұйымдастырып, балаларды теміржолдан өткізіп жүрміз. Жаңа мектеп салынып бітсе, мұғалімдер де, ата-аналар да балаларының өміріне алаңдамайтын болады, – деді Арал аудандық білім бөлімінің басшысы Санира Жанназарова.

 


Өзгелердің жаңалығы