Юлия Галышева фристайл-могулдан финалға өтті

6 Ақпан 2022, 17:12
1430
Бөлісу:
Юлия Галышева фристайл-могулдан финалға өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Фристайл-могулдан Қазақстан командасының үздігі Юлия Галышева Бейжің Олимпиадасының іріктеу кезеңінен өтті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Екінші іріктеу кезеңінен өту үшін алғашқы ондыққа ілігуі тиіс еді. Бұл Олимпиаданың финалына өтуге мүмкіндік береді. 

Қазақстандық спортшылар төмендегідей нәтиже көрсетті: 

- Олеся Граур - 18-орын

- Аяулым Әміренова - 12-орын

- Юлия Галышева - 9-орын

- Анастасия Городко - 11-орын

Осылайша, Олимпиаданың финалдық кезеңіне тек қана Галышева өтті. Ал Городкоға финалға өту үшін сәл ғана ұпай жетпей қалды. Анастасия осы Олимпиадаға қатысып жатқан ең жас спортшылардың бірі. Ол небары 16 жаста. 

Финал Нұр-Сұлтан уақытымен 17:30-да басталады. 

Өзгелердің жаңалығы