Қытайда коронавирус жұқтырған тағы алты адам тіркелді

28 Сәуір 2020, 10:22
1198
Бөлісу:
Қытайда коронавирус жұқтырған тағы алты адам тіркелді

Алматы, BAQ.KZ. Қытайда соңғы тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған алты адам тіркелген, оның үшеуі өзге елден келгендер.  Бұл туралы ҚХР денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеттің сайтында жазылған.


Қазіргі таңда бұл елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 82 836 адамға жеткен. Оның ішінде 77 555 адам жазылып шыққан, көз жұмғандар саны 4633.

26 сәуір күні Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы Ми Фэн қытайдағы Ухань мен Хубэй провинцияларындағы ауруханада коронавирус жұқтырған бірде бір науқас қалмағанын мәлімдеген еді.
Өзгелердің жаңалығы