Қыс маусымы облыстың құтқарушылары үшін жауапты кезең – Қасымбек

5 Қараша 2019, 19:33
1583
Бөлісу:
Қыс маусымы облыстың құтқарушылары үшін жауапты кезең – Қасымбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Facebook-тегі парақшасында өңірдің қысқа дайындығы туралы айтты.

Оның сөзінше, қыс маусымы облыстың құтқарушылары үшін жауапты кезең болайын деп тұр. Аймақтың күрделі климаттық жағдайын болжау мүмкін емес, сондықтан бәріне дайын болу керек. Екі күн бойы Қарағанды ​​облысында төтенше жағдай кезіндегі әзірлікті пысықтау үшін "Қыс-2019" республикалық оқу-жаттығулары өткізілуде.
Бүгін мен техника даярлығын тексердім. Соңғы жылдары қажетті жабдықтармен қамтамасыз етудің едәуір жақсарғанын атап өткім келеді. Облыста 3 мыңнан астам адам және шамамен 1200 бірлік техника сақадай сай. Әсіресе қар көшкіні қауіпі бар жол учаскелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Өз кезегінде облыстың және басқа да өңірлердің ТЖК қызметкерлерімен тілдестім. Олар материалдық-техникалық жабдықтауды нығайту және баспанамен қамту бойынша сұрақтар қойды. Құтқарушылардың тұрғын үй мәселесін қолжетімді мемлекеттік бағдарламалар арқылы шешетін боламыз, - деп жазды Жеңіс Қасысбек.

Өзгелердің жаңалығы