Ярослава Шведова Мельбурндегі турнир финалына өте алмады

31 Қаңтар 2021, 17:02
1507
Бөлісу:
Ярослава Шведова Мельбурндегі турнир финалына өте алмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның теннис бойынша командасының өкілі Ярослава Шведова Мельбурндегі турнирдегі алғашқы матчта-ақ есесін жіберіп алды.

Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

1/16 финалға шығу үшін ол Беларусь спортшысы Вера Лапкомен бәсекелескен еді. Матч 3 сетке жалғасты. Біріншісін Шведова ұтса, қалған екеуі Лапконың еншісінде болды - 6:4, 2:6, 4:6.

Бұған дейін қазақстандық теннисшілердің Мельбурндегі қарсыластары анықталған болатын.

Өзгелердің жаңалығы