Қазақстандық теннисшілердің Мельбурндағы қарсыластары анықталды

31 Қаңтар 2021, 11:33
1325
Бөлісу:
Қазақстандық теннисшілердің Мельбурндағы қарсыластары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Келесі аптада Мельбурнде басталатын ATP 250 сериялы турнирлерінде үш теннисші Қазақстан намысын қорғайды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP 250 Great Ocean Road Open турниріндегі жарыс жолын екінші айналымнан бастайды, Кристофер О'Коннелл (Австралия) / Доминик Кепфер (Германия) жұбының жеңімпазы оның қарсыласы болады. Сонымен қатар, Александр Андрей Голубевпен бірге жұптасып өнер көрсетеді.

Мельбурнде өтетін екінші ATP 250 Murray River Open турнирде Михаил Кукушкин аргентиналық Хуан Игнасио Лондеромен шеберлік сынасады.

Өзгелердің жаңалығы