WBO Головкинді рейтингтен алып тастады

20 Желтоқсан 2023, 17:43
868
Бөлісу:
WBO Головкинді рейтингтен алып тастады
Фото: prosports.kz

Бүкіләлемдік бокс ұйымы соңғы жекпе-жектерді саралап, үздік боксшылардың тізімін жаңартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Орта салмақта 6-сатыда тұрған қазақстандық Генадий Головкин рейтингтен шығып қалды.

Айта кетейік, WBO тұжырымы бойынша чемпиондық белдік тағы бір қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының еншісінде.

Бірінші орында британиялық кіші Крис Юбэнк болса, одан кейін тағы бір жерлесіміз Мейірім Нұрсұлтанов тұр. Ал үздік үштікті америкалық Шейн Мозли түйіндеді.

Айта кетейік, Генадий Головкин соңғы рет былтыр жұдырықтасты. Яғни, шаршы алаңға шықпағанына жылдан аса уақыт өтті. Ақтық айқаста мексикалық Сауль Альвареске есе жіберген болатын. Одан кейін барлық чемпиондық белдігінен бас тартты.

Головкин бүгінге дейін бас-аяғы 45 жекпе-жек өткізіп, оның 42-сінде жеңіске жетті. Қазір жасы 41-де. Ол алдағы наурызда Алматыда жекпе-жек кешін өткізеді деген бейресми ақпарат бар және ол кәсіпқой масанбындағы соңғы кезедсу болуы мүмкін. 

Өзгелердің жаңалығы