WBA "Канелоға" Головкинмен жекпе-жекте чемпиондығын қорғауға рұқсат берді

27 Мамыр 2022, 03:15
1259
Бөлісу:
WBA "Канелоға" Головкинмен жекпе-жекте чемпиондығын қорғауға рұқсат берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBA) мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (57-2-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) өтетін кездесуде чемпиондық белбеуді қорғауға рұқсат етті, деп жазады Vesti.kz.

Ресми мәлімдемені WBA өзінің ресми сайтында жасады. Сондай-ақ алдағы кездесуде мексикалық боксшы WBC, WBO және IBF белбеулерін қорғайды. 

Осылайша, әдетте орта салмақта өнер көрсететін Головкин бұл айқаста жеңіске жетсе, екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы атанады. 

Еске салайық, бұл кездесу 17 қыркүйекте өтеді. Жекпе-жектің нақты қайда өтетіні әлі белгісіз. 

Өзгелердің жаңалығы