WBA Головкиннің жекпе-жегіне қатысты шешім қабылдады

1 Қыркүйек 2021, 23:32
1002
Бөлісу:
WBA Головкиннің жекпе-жегіне қатысты шешім қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік бокс қауымдастығы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегіне қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Рrosports.kz. 

Инсайдер Дэн Рафаэльдің ақпаратына сәйкес, Дүниежүзілік бокс қауымдастығы WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Эрисланди Лараның WBA Super толық титулының иесі Риота Муратамен жекпе-жек тағайындау туралы сұранысын қабылдамады. Муратаның желтоқсанда IBF/IBO чемпионы Геннадий Головкинмен бірлескен жекпе-жек өткізетіні туралы белгілі. Ұйым осы жоспарды ұстанбақ. 

Лара WBA-дан оған Муратамен жекпе-жек тағайындауын сұраған, бірақ маған WBA-ның желтоқсанға жоспарланған GGG-Мурата унификациясын санкциялап жатқаны айтылды, - деді Twitter-де Рафаэль.  

Головкин мен Муратаның айқасы желтоқсанда Жапонияда болады деп күтіледі.

 

Өзгелердің жаңалығы