Волонтерлер 5 мыңнан астам көп қолданылатын маска таратты

21 Тамыз 2020, 18:38
1140
Бөлісу:
Волонтерлер 5 мыңнан астам көп қолданылатын маска таратты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның 5 қаласында волонтерлер 5000-нан астам көп қолданылатын маска таратты.

SK Volunteer Волонтерлер лигасының белсенділері 5000-нан астам көп қолданылатын қорғаныс маскасын таратты. Олар Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындарына берілді.

WhatsApp Image 2020-08-21 at 18.10.21.jpeg

Адамдарды дүкендерден шыққан сәтте және көшеде қарсы алып, гигиена ережелерін түсіндіріп, маскаларды таратты. Маскалар көбіне көшеде маскасыз жүрген зейнеткерлер мен балаларға берілді.

Бұл біздің бастамамыз. Бірінші кезекте, біз азаматтарымызға алдын алу шараларын, жеке қауіпсіздікті және маска режимін сақтау қажеттігін еске салғымыз келді. Бірнеше рет қолдануға болатын сапалы және көпреттік маскаларды таңдадық, – деді әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығының HR-маманы Айгүл Смаилова.

Естеріңізге сала кетейік, SK Volunteer Волонтерлер лигасы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қызметкерлері мен ел азаматтарын біріктіреді. volunteer.sknews.kz сайты арқылы өтініш беріп, республикамыздың кез келген азаматы волонтер бола алады. 

WhatsApp Image 2020-08-21 at 18.10.20.jpeg

Қор тобындағы волонтерлік төрт негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: Qamqor көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық жасауды, Umit – қоғамдық волонтерлікті, Asylmura – Қазақстан тарихын сақтауға жәрдемдесуді, Taza Kazakhstan – табиғатты сақтауға үлес қосуды көздейді.

Өзгелердің жаңалығы