Волейболдан Қазақстан чемпионы анықталды

31 Наурыз 2021, 01:25
1732
Бөлісу:
Волейболдан Қазақстан чемпионы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда волейболдан әйелдер командалары арасында Қазақстанның 29-чемпионаты мәресіне жетті. Плей-офф қорытындысы бойынша Өскеменнің «Алтай» клубы жеңімпаз атанды, деп жазады ҰОК-нің ресми сайты.

Плей-офф кезеңіндегі барлық кездесуде жеңіске жеткен «Алтай» клубы чемпион атанса, екінші орынды талдықорғандық «Жетісу», үшінші орынды Петропавлдың «Қуаныш» командасы иеленді.

Турнирдің «Үздік шабуылшысы» атағын «Жетісу» ойыншысы Надежда Кодола мен «Қуаныш» намысын қорғайтын Светлана Парукова иеленген. «Үздік либера» атағын «Алтай» ойыншысы Мадина Бекет алса, команда мен ұлттық құрама үздігі Сана Анарқұлова «Ең бағалы ойыншы» атанды.


Өзгелердің жаңалығы