Волейболдан еліміздің қысқы чемпионаты басталды

8 Қаңтар 2024, 23:10
525
Бөлісу:
Волейболдан еліміздің қысқы чемпионаты басталды
Фото: BAQ.KZ -архив

Талдықорғанда волейболдан жасөспірім қыздар арасындағы қысқы чемпионат басталды. Ел біріншілігіне 19 команда қатысып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Ең бірінші болып жарыс алаңына Маңғыстау және Алматы өңірінің командалары шығып, нәтижесінде ақтаулық спортшылар ірі есеппен жеңіске жетті. Күзгі чемпионаттың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының құрамасы бірінші орынды ұтып алса, Батыс Қазақстан облысы екінші, Солтүстік Қазақстан облысының ойыншылары үшінші орынға ие болған еді. 

Талдықорғанға Батыс Қазақстан облысының өкілдері келе алмады. Ал үздік үштікке енген екі команда жарысты сәтті бастады. 

Ең басты фаворит осы клубтар. Жалпы волейболда үздік сегіздікке енген әр команданың чемпион атануға мүмкіндігі бар. Сондықтан ойындар өте тартысты өтеді деген сенімдемін. Өткен жылы волейболдан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты ең алғаш рет ұйымдастырылған еді. Енді 17 жасқа дейінгі волейболшылар арасында әлем чемпионаты өтеді. Бүгінгі жарыс арқылы ұлттық құрама командамыздың іргетасы қаланып жатыр деп айтуға да болады, – деді жарыстың бас төрешісі Әсел Ғұбашева. 

Өзгелердің жаңалығы