"Видео жариялаймыз": Шымкентте ақша бопсалаумен айналысқан блогер мен сыбайластары ұсталды

Instagram-да мыңдаған оқырманы бар блогер мен оның сыбайластары ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды. Тергеу жалғасып жатыр.

 видеодан алынған кадр Бүгiн 2026, 11:21
Бүгiн 2026, 11:21
583
Фото: видеодан алынған кадр

Шымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерде беделге нұқсан келтіретін бейнематериалдарды жариялаймын деп қорқытып, азаматтардан ақша бопсалаумен айналысқан топтың заңсыз әрекетін тоқтатты.

Жедел іс-шаралар барысында Instagram желісінде 150 мыңға жуық оқырманы бар жергілікті блогердің үш сыбайласымен бірге кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді әдейі бейнетаспаға түсіріп жүргені анықталды.

Олар қызметтік міндеттерін атқару барысында орын алды деп болжанған тәртіп бұзушылықтарды, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке қатысты болуы мүмкін заң бұзушылықтарды сылтау етіп, түрлі бейнематериалдар жинаған.

Кейін сол бейнежазбаларды әлеуметтік желіге жарияламау үшін азаматтардан ақша талап еткен.

Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін ШҚО-да танысынан 2,5 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

Тағы оқи отырыңыз: Ақтөбеде ер адамды бірнеше сағат азаптап, көлігін тартып алмақ болғандар ұсталды 

"Интимдік видеоны таратамын": Ақтөбеде бұрынғы қызын бопсалаған ер адам ұсталды 

Наверх