Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ сотталды

13 Мамыр 2025, 10:03
350
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Астаналық тұрғынның алаяқтық әрекеттері салдарынан 70-тен астам азамат Вьетнамға демалысқа бара алмай қалды. Олардың туристік жолдамалары жойылып, жәбірленушілер айтарлықтай қаржылық шығынға ұшыраған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, кінәлі тұлға әуе билеттерін нарықтағыдан төмен бағамен ұсынып, клиенттеріне оларды арнайы байланыс арқылы сатып алатынына сендірген. Алайда, ол шынайы билеттердің орнына жалған маршруттық түбіртектерді берген. Туристер әуе билеттеріне тапсырыс жоқ екенін ұшар алдында, әуежайда бір-ақ білген.

Зардап шеккендер арасында ересектер де, балалар да бар. Жалпы материалдық шығын 17 млн теңгеден асты. Адамдар тек ақшаларынан ғана емес, көптен күткен демалыстарынан да айырылды – төленген қонақүйлер, экскурсиялар және басқа да шығындар өтелмеген, - делінген хабарламада.

Алаяқ әйел 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Келтірілген материалдық шығын сотталғаннан өндірілді.

Астана қаласы Нұра ауданының прокуратурасы туристік қызметтер алу үшін төлем жасамас бұрын құжаттарды мұқият тексерудің қажеттігін ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы