Венецияда су тасқыны: турист селфи жасаймын деп суға бата жаздады

26 Қараша 2019, 15:38
2330
Бөлісу:
Венецияда су тасқыны: турист селфи жасаймын деп суға бата жаздады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ер адам селфи таяқшаның көмегімен фотоға түспек болады, бірақ су астындағы көпірдің шегін байқамай қалады.


Венецияда турист селфи жасаймын деп суға батып кете жаздады. Жағдай видеоға түсіп қалып, Twitter-ге жүктелген.

Жақында Венецияда су тасқыны болған. Видеода ер адам Аяз атаның бас киімін киіп, көше бойындағы суда селфи жасамақ болады. Ол аяқ астына қарамай, алға қарай жүреді.

Бір кезде тротуар бітіп қалады және турист суға батады.
Өзгелердің жаңалығы