Вайнер Мейіржан Төребаев түрмеден босап шықты

20 Мамыр 2024, 16:27
1487
Бөлісу:
Вайнер Мейіржан Төребаев түрмеден босап шықты
VIDEO
Фото: instagram.com/meirzhach_tv

Вайнер, актер Мейіржан Төребаев абақтыдан уақытша босатылды. ҚР ІІМ ҚАЖ департаменті себебін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаржы пирамидасын құрды деген айыппен бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев қысқамерзімді демалысқа жіберілді. Төребаевқа анасының ауруға шалдыққаны үшін түрмеден уақытша шығуға рұқсат етілген. 

Қауіпсіздігі орташа мекемелерде жазасын өтеп жатқандар әйелінің/күйеуінің, жақын туысының қазасы немесе ауыр сырқатына байланысты, отбасына үлкен материалдық шығынға әкеп соқтырған табиғи апаттарға байланысты әкімшілікке жүгініп, жеті тәуліктен аспайтын мерзімге түрмеден тысқары жерге шығуға құқылы, - деп түсіндірді Павлодар облысы ҚАЖ департаментіндегілер. 

Блогердің жұбайы Дана Есеева Instagram-дағы парақшасында күйеуі Мейіржан Төребаевтың демалыс алып, үйге келгенін мәлім етті. Блогерге "Мекемеден тыс жерге шығу" туралы қылмыстық-атқару кодексінің № 113 бабына сәйкес демалыс берілген екен.

Мейіржанға заң бойынша қысқамерзімді демалыс берілді. Балалардың қуанышында шек жоқ. Кішкентайлары соңғы кездесуден бері сөйлей бастады. Қазір көп сұрақ қояды. Үлкендері саналы. Қасында үнсіз, құшақтап отырады. Олар әкесінің Павлодарға қайта кететінін түсінеді. Онда Мейіржан күндіз "Еңбек" РММ-де жұмыс істейді, кешке мекемеге қайтады. Ең бастысы анамыздың көңілі жайланды. Аз уақытқа болса да, жалғыз ұлы қасында, - деп жазды Есеева.

Өзгелердің жаңалығы