Төребаев пен Шерниязов 5 жылға сотталды

23 Маусым 2023, 20:05
670
Бөлісу:
Төребаев пен Шерниязов 5 жылға сотталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға сот үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сот қаулысымен Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бес жылға сотталды. Төребаев пен Шерниязовтан басқа сотталушылардың барлығы дерлік Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Мейіржан Төребаевқа ең төменгі қауіпсіздік колониясында бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Мейірхан Шерниязов ең төменгі қауіпсіздік колониясында бес жыл жазасын өтесін, – делінген сот үкімінде.

Өзгелердің жаңалығы