Ұзынағашта балаларды азаптаған қаскөй қай жерде ұсталғаны белгілі болды

16 Ақпан 2024, 11:38
2078
Бөлісу:
Ұзынағашта балаларды азаптаған қаскөй қай жерде ұсталғаны белгілі болды
VIDEO
Фото: Арман Мухатов - архив

Ұзынағашта балаларға шабуыл жасап, соққыға жыққан адам ұсталды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов хабарлады.

Жамбыл ауданында жас балаларға шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта ол аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды және оның қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде. Айта кетейік, құрықтау бойынша операция Алматы облысы, Қарасай ауданында өтті. Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес жария етуге жатпайды, - деді департамент басшысы.

"Криминальный Казахстан" телеграм-каналының мәліметінше,  ұсталған күдікті Түркістан облысының тумасы. Бұған дейін "зорлау" бабы бойынша сотты болған екен.

Айта кетейік, желіде жантүршігерлік видео тарады. Оның Ұзынағашта түсірілгені белгілі болды. Видеода аяусыз соққыға жығылып, шошынған балаларды көруге болады. Алматы облысының полициясы қарақшылық шабуыл жасаған адамды іздестіруге көшкен болатын. 

Өзгелердің жаңалығы