Ұзынағашта бір үйдің балаларын аяусыз сабап кеткен қаскөй іздестіріліп жатыр

16 Ақпан 2024, 10:41
6782
Бөлісу:
Ұзынағашта бір үйдің балаларын аяусыз сабап кеткен қаскөй іздестіріліп жатыр
VIDEO
Фото: pixabay.com

Алматы облысы полицейлері балаларға қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні іздестіріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқыс оқиға Ұзынағашта болған көрінеді. Қазір Алматы облысының тәртіп сақшылары кәмелет жасына толмаған балаларға шабуыл жасалуына байланысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.

Кәмелетке толмағандарға шабуыл жасаған әрекет туралы арыз бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті тұлға анықталды. Оны құрықтау бойынша қажетті іс-шаралар қабылдануда. Аталған дерек бойынша облыстың барлық аудандық бөлімшелері мен өңірлік полиция органдары бағдарланды. Басқа ақпарат қосымша берілетін болады, - деп атап өтті Әленов.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде жантүршігерлік видео тарады. Онда соққыға жығылған балалар үйге Бақытжан есімді адамның үйге баса көктеп кіріп, қоқан-лоқы жасағанын айтады. Бұл аздай, балалардың аяқ-қолын байлап, үйден бой тасалаған. Қазір қаскүнемді іздестіруге барлық бөлімше жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы