Ұзақ өмір сүрудің сыры немесе бес жапырақты гиностемма

16 Тамыз 2022, 10:32
2124
Бөлісу:
Ұзақ өмір сүрудің сыры немесе бес жапырақты гиностемма
PHOTO
Фото: автордан

Бес жапырақты гиностемма (Gynostemma pentaphyllum) – ұзақ өмір сүру жапырағы. Оны джиаогулан деп те атайды. Бес жапырақты гиностемма ежелден Қытай халық медицинасында қолданылған, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бұл дененің ауыр физикалық және психологиялық күйзелістен қалпына келуіне ғана емес, сонымен қатар қартаюды бәсеңдетуге және метаболизмді қалыпқа келтіруге көмектеседі. Ұйықтар алдында ішкен бір кесе гиностемма шайы ішкі үйлесімге жетуге көмектеседі.

Ұзақ өмір сүрудің сыры немесе бес жапырақты гиностемма

Қытай баспасөз орталығының 2022 жылғы бағдарламасына қатысып жатқан шетелдік журналистер бес жапырақты гиностемма өсетін аймақта болды. Олар бұл емдік шөптің құрамымен танысып, медицинада қалай әзірленіп, қолданылатынын көрді.

Шэньси провинциясындағы Пинли округі шай өндірісімен айналысады. Мұнда орналасқан компанияның негізгі экономикалық қызметі – бес жапырақты гиностемманы және онымен байланысты өнімдерді, атап айтқанда, шай, крахмал вермишелі, кеспе, қышқыл крахмал кеспесін (Қытайдың дәстүрлі тағамы), бес жапырақты гиностеммадан немесе оның қоспасынан жасалған пастилкалар мен бет маскаларын зерттейді, өндіреді және оны сатады.

Ұзақ өмір сүрудің сыры немесе бес жапырақты гиностемма

«Шығыстың сиқырлы шөбі» деп аталып кеткен бес жапырақты гиностеммада аминқышқылдарының 17 түрі бар. Одан бөлек глутамин қышқылы және темір, мырыш пен мыс сияқты микроэлементтердің 18 түрі кездеседі. Бұл емдік шөп безгекті жояды және уытты бейтараптайды, жөтелді тоқтатып, өкпені тазартады, миды тыныштандырады.

Ұзақ өмір сүрудің сыры немесе бес жапырақты гиностемма

Қазіргі уақытта кәсіпорынның жылдық өндірісі мен сатылымы 200 тоннадан асады, ал сатудан түскен табыс 31,46 миллион юаньға жетеді. 2019 жылы кәсіпорынды Шэньси провинциясының үкіметі ауыл шаруашылығын индустрияландыру саласындағы жетекші кәсіпорын және жоғары технологиялық кәсіпорын ретінде таныды.

Джиаогулан (Бес жапырақты гиностемма) шөбінің тарихы 

ХХ ғасырдың аяғына дейін Қытай тұрғындары жабайы гиностемманы пайдаланып, оны сергітетін шай ретінде қайнатып келген. Танымалдығы бойынша женьшень тамырынан кем түспейтін гиностемма жергілікті тұрғындарға қабыну және жұқпалы аурулармен күресуге көмектесті.

Ұзақ өмір сүрудің сыры немесе бес жапырақты гиностемма

Өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап қытайлық дәрігерлер осы өсімдіктің емдік қасиеттеріне қызығушылық таныта бастады. Кейін бірқатар зерттеу жүргізгеннен соң гиностемма ісінуді, ісікті және гематурияны емдеу үшін қолданыла бастады. Бес жапырақты Гиностемма қант диабетімен ауыратын адамдарға қант алмастырғыш ретінде жиі ұсынылады.

Ұзақ өмір сүрудің сыры немесе бес жапырақты гиностемма

1991 жылы Бейжіңде өткен Дәстүрлі медицина конференциясында бес жапырақты гиностемма сергітетін үздік 10 шөптің тізіміне енгізілді. Оның дененің бес негізгі жүйесіне оң әсері байқалды: ас қорыту, жүрек-тамыр, жүйке, иммундық және репродуктивті.

Бес жапырақты гиностемманың қасиеттері

«Оңтүстік женьшень» құрамында көптеген микроэлемент, ақуыз, амин қышқылы, дәрумен мен полисахарид бар. Гиностемма, жоғарыда айтылғандай, дененің бес негізгі жүйесінің жұмысына және иммунитетке оң әсер етеді. Сонымен қатар Қытайда ол метаболизмді жақсарту және лимфоциттер өндірісін жеделдету үшін СПИД-пен күресудің қосымша әдісі ретінде де қолданылады.

Ұзақ өмір сүрудің сыры немесе бес жапырақты гиностемма

Гиностемма көбінесе ауыр жұмыстан кейін денені қалпына келтіріп, төзімділікті арттыру үшін спортшыларға және ауыр жұмыс істеген адамдарға ұсынылады.

Сондай-ақ бұл күйзеліске төзбейтін адамдарға да пайдалы болады. Мысалы, депрессия, ұйқының бұзылуы, созылмалы шаршау синдромы кезінде бес жапырақты гиностемманың көмегі зор. Дәстүрлі қытай медицинасында осы мақсатта емдік шөп жиі қолданылады. Өйткені гиностемма орталық жүйке-жүйесіне жағымды әсер етіп, жүйкенің тозуын төмендетеді.

Ұзақ өмір сүрудің сыры немесе бес жапырақты гиностемма

Онымен қоса, гиностемма метаболизмді қалыпқа келтіреді, антиоксиданттық қасиеттерге ие және организмнен зиянды, улы заттарды кетіреді, бұл оны денені тазартуға және артық салмақтан арылуға көмекші екенін көрсетеді.

Бес жапырақты гиностемма шайын қарапайым тәсіл арқылы әзірлеуге болады. Шәйнекке 4-5 шай қасық жапырақ салып, үстіне қайнаған су құйып, бірнеше минутқа қалдыру керек. Дайын болған соң шайды іше беруге болады.

Ұзақ өмір сүрудің сыры немесе бес жапырақты гиностемма

Айта кетейік, Қытайдың халықаралық баспасөз орталығының 2022 жылғы бағдарламасына қатысып жатқан 21 елдің 26 журналисі Шэньси провинциясындағы ауылдық округтерді аралап, жергілікті тұрғындардың өмір сүру салтымен танысты. Провинцияның өкілдері шетелдік БАҚ өкілдеріне ауылдарды кедейліктен шығару мақсатында жүргізген жұмыстарымен, тәжірибелерімен бөлісті

Ұзақ өмір сүрудің сыры немесе бес жапырақты гиностемма

Баспасөз туры Сиань қаласында өткен «Бір белдеу, бір жол» медиа ынтымақтастығы форумы аясында ұйымдастырылды. Іс-шараны «Жэньминь жибао» газеті (People’s Daily) өткізді. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Әзербайжан, Армения, Беларусь Республикасы, Латын Америкасы, Оңтүстік Корея, Мысыр, Ресей және басқа да елдер қатысты.

Шэньси провинциясы баспасөз туры елдер арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Бұл ретте биыл Қазақстан мен Қытай дипломатиялық байланыстың 30 жылдығын атап өтіп жатқанын еске сала кетейік. 

Өзгелердің жаңалығы