Ұйым үшін қоғамдық дипломат рөлін атқаратын тұлға іздеп жүрміз – Эльнара Байназарова

10 Наурыз 2021, 15:10
1581
Бөлісу:
Ұйым үшін қоғамдық дипломат рөлін атқаратын тұлға іздеп жүрміз – Эльнара Байназарова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қоғамен бірге дипломатия саласы да өзгеріп жатыр. Елшілік өткен ғасырдағыдай ресмилікке толы қызмет емес, дейді «Желмая» жобасының қонағы Қазақстандағы БҰҰ өкілдігінің баспасөз хатшысы, 2019 жылы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы атанған Эльнара Байназарова.

Оның айтуынша, қазіргі күні дипломатия саласында қоғамдық елші деген ұғым қалыптасқан. Біріккен ұлттар ұйымы қоғамдық елші қызметіне ерекеше назар аударып, қоғаммен байланысты олар арқылы жандандыра түспек. 

Қазіргі күні блогерлер, желіде белсенді жұлдыздар сол қоғамдық дипломаттың рөлін атқарып отыр.

Жуықта сәнгер, модель Наталья Водянова Біріккен ұлттар ұйымының қоныстандыру қорының елшісі атанды. Қазір біз де Қазақстан бойынша қоғамдық елші рөліне лайық тұлғаларды іздестіріп жатырмыз. Оған қойылатын талаптар өте жоғары. Оның репутациясы, желіде қандай құндылықтармен бөлісіп жүргені маңызды. Соның бәрін зерттейміз. Тағы бір мәселе бар. Осыдан бірнеше жыл бұрын әлемдік деңгейдегі ЮНИСЕФ-тің қоғамдық елшісі Приянка Чопра атанды. Өз парақшасында ол Үндістан мен Пәкістан арасындағы Кашмир мәселесіне қатысты өз саяси пікірін білдіріп, шу шыққан болатын. БҰҰ қоғамдық елші рөлін атқаратын тұлғаларға саяси шиеленіске толы мәселелерде объективті болуын талап етеді, - дейді ол.


Өзгелердің жаңалығы