#Желмая. БҰҰ Қазақстанды Орталық Азиядағы қауіпсіздік медиаторы ретінде көреді

10 Наурыз 2021, 12:30
3434
Бөлісу:
#Желмая. БҰҰ Қазақстанды Орталық Азиядағы қауіпсіздік медиаторы ретінде көреді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы – Қазақстандағы БҰҰ өкілдігінің баспасөз хатшысы, 2019 жылы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы болған Эльнара Байназарова.

Қазақстандағы Біріккен ұлттар ұйымының қызметі қандай? Ұйымның елде қанша агенттігі жұмыс істейді және қандай мәселелерді шешіп жүр? БҰҰ Қазақстанды қандай ел ретінде көреді? Халықаралық деңгейдегі ұйымға тұрғындар тарапынан қандай өтініштер мен шағымдар түсіп жатады? Қазіргі дипломатияның ерекшелігі неде? Ұйым қоғаммен байланыс орнату үшін қандай шаралар атқаруда? Осы және өзге де сауалдарға Эльнара Байназарова жауап берді.


«Желмая» жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада мультимедиалық жоба.


Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы