Үй жанындағы дүкендерге тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын рәсімдеу қажет пе?

19 Наурыз 2021, 14:12
1669
Бөлісу:
Үй жанындағы дүкендерге тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын рәсімдеу қажет пе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды немесе ТІЖ рәсімдеу бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Соңғы уақытта алаңдаушылық туындауда және үйдің жанында дүкен иелері ТІЖ-ны рәсімдеу қажеттілігі туралы сұрақтар қоюда.

Егер БКМ чегін бере отырып, онлайн бақылау-касса машиналары қолданылатын болса, оларда ТІЖ ресімдеу бойынша міндет туындамайтынын тағы да түсіндіргіміз келеді. Аталған шарттар алғашқыда ТІЖ бойынша Пилоттық жобаны іске қосу кезінде көзделген (ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі №1104 бұйрығы), - делінген МКК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен бірге, акцизделетін тауарларды (алкоголь және темекі) сату кезінде, бұрынғыдай, ақпараттық жүйеде олардың алынғанын растау қажет. Бұрын бұл операция СЕӨЖ салық төлеушінің кабинетінде жүргізілген, ал қазір оны ЭШФ ақпараттық жүйесінде жасау қажет. Ыңғайлы болу үшін мұны ЭШФ АЖ мобильді қосымшасында да жасауға болады.
Барлық салық төлеушілерге ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен оның аумақтық департаменттері: тікелей эфирлер өткізу, Instagram, Фейсбук, ШҚ, Твиттер аккаунттарында бейнесабақтар мен ақпараттар орналастыру, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар беру бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жоспарлы түрде жүзеге асыратынын хабарлағымыз келеді, - деп жазды МКК.

ТІЖ бойынша пилоттық жоба салық төлеушілер арасында да кеңінен жария етілді: Интернет-алаңдарда тікелей эфирлер өткізілді, ҚР ҚМ МКК сайтында Баспасөз релиздері жарияланды. Осындай түсіндіру жұмыстары өңірлерде де жүргізілді.

Мемлекеттік органдар Солтүстік қазақстан облысы прокуратурасының қатысуымен кездесу ұйымдастырды, онда осы іс-шараны ұйымдастырушыларға үйдің жанындағы дүкендермен ТІЖ ресімдеу бойынша талаптың жоқтығы туралы түсініктеме берілді. Кездесуге «Атамекен» өңірлік палатасы мен әкімдік өкілдері де қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша түсіністікке қол жеткізілді, салық төлеушілер қойылған сұрақтарға толық түсініктеме алды, - дейді комитет.

Осыған ұқсас жағдай Алматы облысында болды. «Жетісу» телеарнасының алаңында Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілер мен журналистердің қатысуымен жеке тұлғаларға азық-түлік өнімдерін сату кезінде ТІЖ, ЭШФ АЖ ресімдеу және виртуалды қойманы жүргізу тәртібін түсіндірумен брифинг өткізді. Брифинг барысында кәсіпкерлер сұрақтар қойған болатын, оларға түпкілікті жауап берілді.

Құрметті салық төлеушілер, бөлшек саудада соңғы тұтынушыға тауарларды сату кезінде ТІЖ ресімдеудің қажеті жоқ. Бұл ретте, онлайн кассалық машиналарды қолдану және сатып алушыларға чектерді уақтылы беру қажет.



Өзгелердің жаңалығы